Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға біржолғы төлемдер беру тәртібі

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға біржолғы төлемдер беру тәртібі

2026 жылғы 25 мамырда «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен отбасын қолдау орталығында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында полиция бөлімінің, пробация қызметінің және Отбасын қолдау орталығының өкілдеріне бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға біржолғы төлемдер беру тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Аталған өзгерістер Халықты әлеуметтік қолдау шараларын біріздендіру шеңберінде енгізілді.