
Негізгі мақсат – оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру, сондай-ақ нақты адамның қажеттіліктеріне бағдарлану.
Ағымдағы жылдың сәуір айында бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық оңалту құралдарының құнын өтеу үшін берілетін кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.
Бұған дейін кепілдендірілген соманы анықтауды комиссия өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні туралы ақпараттың үш көзі — әлеуметтік қызметтер порталының деректері, тауарлардың мемлекеттік сатып алулары және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде жүргізілді.
Жаңа әдістемеде кепілдендірілген сома әлеуметтік қызметтер порталының деректері мен электрондық дүкен деректерін ескере отырып есептелетін болады.
Осыған байланысты, тауарлардың нарықтық құны бойынша электрондық сауда алаңдарының агрегацияланған деректерін алу үшін әлеуметтік қызметтер порталын Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде.
Болашақта цифрлық платформалардан алынған нақты нарықтық деректер негізінде кепілдендірілген соманы адамның араласуынсыз (қолмен реттеусіз), автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді
Негізгі күтілетін әсерлер:
- ОТҚ құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыруды енгізу,
- адами фактор мен субъективтілікті болдырмау,
- әділ баға қалыптастыруды қамтамасыз ету,
- бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.
Бұл ретте, мемлекет мұқтаж азаматтарды сапалы ОТҚ-мен қамтамасыз ету үшін негізсіз шығындарды жоятынын атап өткен жөн.
Босатылатын қаражат жүйені дамытуға бағытталады, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізуге жұмсалады.
Босатылатын қаражат жүйені дамытуға бағытталады, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізу көзделген.
Қосымша ретінде, жаңа тәсілдер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заманауи шешімдер пысықталатын және енгізілетін мамандандырылған алаң — Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы арқылы іске асырылатынын хабарлаймыз.
Сондай-ақ биыл ғылыми орталық арқылы ОТҚ-ды қайтарудың пилоттық механизмі іске қосылады.
Ол тек қауіпсіз қайта пайдалануға болатын ОТҚ түрлеріне ғана қолданылады және жеке пайдаланылатын құралдарға (жөргектер, протездер және т.б.) қатысты емес.
Бұл механизм, мысалы, ОТҚ-ын жөндеу кезеңінде немесе уақытша қажеттілік туындағанда (айталық, ОТҚ жеткізілуін күту кезінде) ұзақ процедураларды күтпестен, адамды қажетті құралмен жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, шешімдерді формальды мерзімдерге емес, ОТҚ-ның нақты жағдайы мен адамның жеке мұқтаждықтарына сүйене отырып қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі енгізілуде.
Бұл шешімдердің негізділігін арттырып, алушылардың мүдделерін қорғайды.
Осылайша, ТСР-ды қайтару тетігін енгізудің күтілетін әсерлері:
Өзгерістердің негізгі мәні – қолжетімділікті арттыру, оңалту сапасын жақсарту, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұтымдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету.