Осы мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі - АОЖБ) сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің және есту кемістігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну кағидалары Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №286, №288 бұйрығына сәйкес бекітілген.
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін және есту кемістігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметтерін алу үшін құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат негізінде мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедек адам атынан әрекет ететін адамдар (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша мынадай құжаттарды:
1) жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
2) АОЖБ ұсынады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚО);
2) жергілікті атқарушы органдар (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері);
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (egov.kz.);
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - проактивті қызмет, арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жергілікті атқарушы орган ай сайын:
- жеке көмекшілерге - күніне сегіз сағаттан артық емес;
- ымдау тілі қызметін көрсететін мамандарға - мүгедектігі бар бір адамға жылына алпыс сағаттан артық емес.
Жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз ету стационарлық емделу, санаторий-курорттық емделу немесе толық мемлекеттік қамсыздандыруда болу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы: Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5, № 6 бөлме, телефон 8 (71036) 42325.
Жұмыс кестесі: - сағат 9.00-ден 18.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.