Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау

Балқаш қаласында 4327 мүгедектігі бар адамдар тұрады, ол қала халқы санының  5,6%-ын құрайды.

2025 жылы әлеуметтік Портал арқылы 2164 адам немесе 99,6% оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде 705 адам ҚР шипажайларында денсаулықтарын түзеді, 917 адам гигиеналық құралдарды  және 44 адам жеке көмекші мен ымдау тілі  маманының қызметін алды.

2026 жылы әлеуметтік Портал арқылы мүгедектігі бар 2000 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған.Бұл мақсатқа 473,7 млн.теңге қарастырылған.

Барлық сұрақтар бойынша Сіз, Уәлиханов көшесі, 5 мекенжай бойынша «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жүгіне аласыз, анықтама үшін телефон: 4-23-25, 4-62-71