
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» бұйрығы, Балқаш қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы №14/122 «Балқаш қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібін айқындау туралы» шешімінің негізінде, Балқаш қаласында және әкімшілік – аумақтық іргелес кенттерде тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға көрсетіледі.
Отбасының тұрғын үй көмегін алу құқығын анықтау үшін басты негіз, отбасының жиынтық табысы және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары болып табылады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтерді тұтыну шығыстарын төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады және тоқсан сайын тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте, аз қамтылған отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табысы және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығыстары есепке алынады.
Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi, жалпы сома есебімен отбасының жиынтық табысына 5 пайыз мөлшерде белгіленеді және осы мөлшер аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсетудің өлшемі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
3) жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
4) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
5) банктік шоты;
6)тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
9) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама.