Тәуелсіздік – баянды болашаққа жол!

Тәуелсіздік – баянды  болашаққа  жол!

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Тәуелсіз – баянды болашаққа жол!» атты ашық сабақ ұйымдастырылды.

            Ашық сабақ Қазақстан Республикасының тарихына, мәдениетіне және мемлекеттік рәміздеріне қызығушылықты арттыруға бағытталған танымдық және шығармашылық бағдарламаны қамтыды. Атмосфера жылы әрі қонақжай болды, ынтымақтастық пен ортақ шығармашылық қуанышқа толы болды.

            Іс-шара патриоттық тәрбиені дамытуға, әлеуметтік бейімделуге, қолайлы, қолдаушы атмосфераны құруға ықпал етті.