Балқаш қаласында 4327 мүгедектігі бар адамдар тұрады, ол қала халқы санының 5,6%-ын құрайды.
Ағымдағы жылдың 9 айында әлеуметтік Портал арқылы 1557 адам немесе 86% оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде 521 адам ҚР шипажайларында денсаулықтарын түзеді, 644 адам гигиеналық құралдарды және 42 адам жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметін алды.
Барлық сұрақтар бойынша Сіз, Уәлиханов көшесі, 5 мекенжай бойынша «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жүгіне аласыз, анықтама үшін телефон: 4-23-25, 4-62-71