«Жан шуағы» фестивалі

«Жан шуағы» фестивалі

26 шілде айында М.Хамзин атындағы металлургтер сарайында ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған XVI қалалық «Жан шуағы» фестивалі өтті.
Фестиваль аясында үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қызмет алушылары әлеуметтік қызметкерлерімен бірлесіп дайындаған шығармашылық нөмірлерін ұсынды.
Фестиваль қатысушылары ән нөмірлерін дайындап, би билеп, өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынды. Іс-шара бағдарламасы өте мазмұнды және алуан түрлі болды.
Жыл сайын «Жан шуағы» фестивалі мүгедектігі бар тұлғалардың шығармашылық әлеуетін көрсетуге, өз таланттарын көпшілікке көрсетуге және жаңа достар табуға мүмкіндік береді.