Балқаш қаласында 4291 мүгедектігі бар адамдар тұрады, ол қала халқы санының 6%-ын құрайды.
Ағымдағы жылдың 6 айында әлеуметтік Портал арқылы 1041 адам немесе 71,5% оңалтудың техникалық көмекші құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде 318 адам ҚР шипажайларында денсаулықтарын түзеді, 471 адам гигиеналық құралдарды және 41 адам жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметін алды.
Барлық сұрақтар бойынша Сіз, Уәлиханов көшесі, 5 мекенжайы бойынша «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жүгіне аласыз, анықтама үшін телефон: 4-23-25, 4-62-71.