Астана күні қарсаңында

Астана күні  қарсаңында

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде  Орталық қалалық саябақта "Астана күніне" орай спорттық шараға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерімен олардың қамқорлығындағы балалардың қатысумен  көңілді эстафеталар ұйымдастырылды. Астана тарихынан көптеген қызықты  викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауаптары үшін қатысушылар тәттілер алды. Сонымен қатар Отанымыздың астанасына арналған өлеңдер оқылды.  

Мереке соңында балаларға салқын сусындар (ЖК Б.С. Абдыкаримов) және тәтті сыйлықтар ("Бағдаршам" дүкені, ЖК О.И. Абзальбекова) табысталды.