«Balkash Tour Fest 2025» қалалық ауқымды іс-шарасына үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызмет алушылары қатарынан екінші жыл қатарынан қатысып келеді.
Биылғы мерекелік бағдарлама бұрынғыдан да мазмұнды әрі қызықты болды. Балалар аквагрим жасауға қуана қатысып, мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға атсалысты.
Қиял мен шығармашылықты шыңдауға мүмкіндік берген құмнан қамал жасау байқауы ерекше қызығушылық тудырды. Балалар өзін сәулетші, дизайнер, құрылысшы ретінде сынап көрді.
Іс-шараның жарқын сәттерінің бірі – балаларға арналған «Көк трактор» шоу-бағдарламасы болды. Танымал мультфильм кейіпкерлері мен көңілді ойындар балаларға керемет әсер сыйлады.
Іс-шара ұйымдастырушылары балаларды тегін балмұздақ және салқын сусындармен қуантты. Бұл күн балалар үшін ұмытылмас әрі қуанышты сәтке айналды.