30 мамыр күні қаланың орталық саябағында "Біз бала боламыз-мәңгілік елдің ұрпағы!" атты Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шараға 50 бала қатысты.
Мереке бағдарламасы қызықты әрі алуан түрлі өткізілді. Балалар 3 командаға бөлінді, команда қатысушылары өздерінің таланттарын көрсетті: ән шырқады, өлең оқыды, "Алтын асық" эстафетасында бақ сынады. Интеллектуалды викторинада олар жануарларды болжады, асфальттағы суреттер байқауында олар қиялын көрсетті. Мереке соңында Сэнди сайқымазақ балаларға тәтті сыйлықтар берді. Балалар "Шин-Лайн" ( Шин В.В.) компаниясынан балмұздақ алды.
Мереке"ӘлемСинема"кинотеатрындажалғасты.Мүмкіндігішектеулі50балатегінкиносеансқақатысты(ЖКАймағамбетовМ.Б.).
1 маусым, жексенбіде "Жастар" скверінің алаңында балалар машинкаға мініп, дәмді балмұздақтан дәм тата алады. 2 маусымда "Istanbul" кафесінде мүгедектігі бар 15 балаға арналған мерекелік түскі ас ұйымдастырылады (ЖК Арымбекова Ә.).