Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мүмкіндігі шектеулі адамдар мен ардагерлерді әлеуметтік қолдау

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайтын «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі қолданылады:

- әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде мемлекеттік көмек және қолдау;

- өтемақы жоғалған ағза функцияларының, әлеуметтік оңалтуды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету жолымен және әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында, мүгедек адамдар  жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтылады.

Оңалтудың техникалық көмекші құралдардың тізбесі заманауи сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса (есту қабілеті бұзылған адамдарға веб-камерасы бар ноутбук, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, көру қабілеті бұзылған адамдарға дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар және т.б.) 55 түрі бар атаудан тұрады.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің бір бағыты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, оның ішінде қарт адамдарға, мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі көрсетіледі , оған 8 қызмет түрі кіреді.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің бизнес-процесінің, сондай-ақ мүгедектікті белгілеуге байланысты қызметтердің өзгеруі жүргізілуде. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының іс-шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажеттілігін қоспағанда, ақпараттандырылған келісімімен белсенді форматта өтінішсіз 8 мемлекеттік қызмет көрсетілуі мүмкін.

Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу жолымен кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша белсенді шаралар қабылдануда және білім беруде жеңілдіктер ұсынылады.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың проблемаларын ұлттық деңгейде тиімді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005 жылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесін құрылды.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге , қорғауға және дамытуға қосымша кепілдіктер жасады , сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық реттеу мен практикалық қызметті одан әрі жетілдіру үшін бағдар болды.

Документы
Ақпарат
30 января 2024
НАЦИОНАЛЬНЫЙ СТАНДАРТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СТ РК 3846-2023 ДОСТУПНОСТЬ ОБЪЕКТОВ ИНФРАСТРУКТУРЫ И УСЛУГ ДЛЯ НАСЕЛЕНИЯ С УЧЕТОМ ПОТРЕБНОСТЕЙ ЛИЦ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И МАЛОМОБИЛЬНЫХ ГРУПП
Қаулы
12 февраля 2021
"Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Балқаш қаласы әкiмдігінің 2020 жылғы «20» желтоқсандағы №57/16 ҚАУЛЫСЫ
Ақпарат
15 июля 2020
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
4
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жеке және мемлекеттік кәсіпорындары басшыларының назарына!
4
МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЙДЕ ОҚЫТУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары