
1-кейс. Баланың қазасы
Сауал:
Бала 10 жасында қайтыс болды. Оның атына Ұлттық қордан ақша аударылып келген. Бұл қаражат қайда кетеді?
Жауап:
Нысаналы талаптарға қатысушы бала қайтыс болған жағдайда, оның атына есептелген және есепшотта жатқан қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға беріледі.
Қайтыс болған нысаналы талаптарға қатысушының мұрагері (мұрагерлері) қайтыс болған баланың нысаналы жинақтары БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелгеннен кейін ғана БЖЗҚ-ға жүгінеді
Сауал:
Бала 15-қыркүйекте дүниеге келіп, тіркеуден өтіп, туу туралы куәлігін алды. Өкінішке орай, 3 (үш) ай ғана өмір сүріп, шетінеп кетті. Бұл балаға Ұлттық қордан нысаналы талап есептеле ме?
Жауап:
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 01.01.2024 жылдан бастап енгізілді. Нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының 2006 жылы және одан кейін туған, он сегіз жасқа толмаған азаматтары. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңының ережелеріне сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі баланың туу туралы медициналық куәлігін алғаш рет беру кезінде қалыптастырылады. Осыған байланысты, 01.01.2024 жылға (яғни, бағдарлама енгізілгенге дейін) дейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда, баланың үш ай өткеннен кейін қайтыс болуына қарамастан, Ұлттық қордан нысаналы талаптар есептелуге жатады.
Сауал: Бала 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 23:55-те дүние есігін ашты. Жеке тұлғалар дерекқорына тіркеліп, туу туралы куәлігін алып, жаңа жылдың қаңтар айының басында шетінеп кетті. Мұндай жағдайда Ұлттық қордан қаражат есептелу мәселесі қалай шешіледі?
Жауап: "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 01.01.2024 жылдан бастап енгізілді. Нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының 2006 жылы және одан кейін туған, он сегіз жасқа толмаған азаматтары. Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы заңының ережелеріне сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі баланың туу туралы медициналық куәлігін алғаш рет беру кезінде қалыптастырылады. Осыған байланысты, 01.01.2024 жылға (яғни, бағдарлама енгізілгенге дейін) дейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда, баланың қайтыс болуына қарамастан, Ұлттық қордан нысаналы талаптар есептелуге жатады.
Сауал: Бала 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 23:55-те туылып, осы күннің соңына дейін тіркеуден өтіп үлгермеді. Ол балаға өзі туылған есепті жыл үшін Ұлттық қордан нысаналы талап есептеле ме?
Жауап: "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 01.01.2024 жылдан бастап енгізілді. Нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының 2006 жылы және одан кейін туған, он сегіз жасқа толмаған азаматтары.
Ұлттық қордан нысаналы талаптар тиісті есепті жыл үшін, оның ішінде оның ішінде осы есепті жылы нақты туылған адамдарға есептеледі. Сондықтан "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында баланың тууы туралы тиісті мәліметтер болған жағдайда, оған есепті жылы нысаналы талап есептелетін болады.
2-кейс. Бала Қазақстан азаматтығынан айырылды
Сауал:
Бала 14 жасында шетел азаматтығын алды. Бұрын Ұлттық қордан төлемдер есептеліп келген. Не болады?
Жауап:
Егер бала Қазақстан Республикасының азаматтығынан он сегіз жасқа толғанға дейін не кейін айырылса, сол сәттен бастап оған Ұлттық қордан қаражат есептеу тоқтатылады. Бұрын есептелген және жеке шотта жинақталған қаражат бағдарламаның басқа қатысушыларына бөлінеді.
3-кейс. Ата-ана ажырасқан
Сауал:
Ата-анасы ажырасқан. Баланың Ұлттық қордағы ақшасын қай ата-ана басқарады?
Жауап:
Бала 18 жасқа толғанға дейін оған Ұлттық қордан есептелген қаражат ата-анасының ешқайсысының иелігінде болмайды. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері, оның ішінде ата-аналары баланың нысаналы талаптары туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтынан, eGov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасынан, сондай-ақ кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан ғана көре алады.
Бала 18 жасқа толғаннан кейін, ол жинақталған қаражатты тек өз бетінше пайдалануға құқылы.
Ақшаны тек бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана өзі басқарып, өзі пайдалана алады.
4-кейс. Бала жетім немесе қамқоршылықта
Сауал:
Бала балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр немесе қамқоршылықта. Ұлттық қордағы ақшасы қалай сақталады?
Жауап:
Баланың мәртебесіне (жетім, қамқоршылықта) қарамастан, 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордан нысаналы талаптар аударылып отырады.
Бала 18-жасқа толғаннан кейін, нысаналы жинақтау сомасын білім алуға немесе тұрғын үйге пайдалана алады.
5-кейс. Бала 18 жасқа толған, бірақ уәкілетті оператор – банкте банктік шот ашпаған
Сауал:
Бала 18-ге толды, бірақ банкте нысаналы жинақ шотын ашпады. Ақша жойыла ма?
Жауап:
Жоқ, Ақша жойылмайды. Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылады және оған Ұлттық қордан тиесілі қаражат аударылады. Ақша АҚШ долларымен аударылады, нысаналы жинақтау шотында 10 жыл сақталады. Нысаналы жинақты алушы қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеу үшін пайдалана алады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі (нысаналы жинақтарды алушының әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) жағдайында) нысаналы жинақтарды алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті оператор-банкке жүгінеді. Яғни уәкілетті оператор-банктің интернет-ресурсы не мобильді қосымшасы арқылы нысаналы жинақтар төлемін алуға электрондық өтініш береді. Электрондық өтінішке тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын ескере отырып уәкілетті оператор-банк айқындаған құжаттар қоса тіркелуі тиіс.
Егер Бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл өткен соң, осы мерзім ішінде азамат нысаналы жинақ сомасын пайдаланбаса, онда қаржы БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын жеке ерікті зейнетақы шотына аударылады. Бұл да автоматты түрде жүргізіледі.
Ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды алу ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6-кейс. Ақшаны басқа мақсатқа жұмсауға бола ма?
Сауал:
18 жасқа толған бала ақшаны бизнес ашуға немесе көлік алуға жұмсай ала ма?
Жауап:
Жоқ, жұмсай алмайды. Ұлттық қор – балаларға бағдарламасы бойынша жиналған қаражатты тек екі мақсатта ғана пайдалануға болады:
Басқа мақсаттарға жұмсауға рұқсат етілмейді.
7-кейс. Бала шетелде оқығысы келеді
Сауал:
18 жасқа толған түлек шетелдік университетке түсті. Ұлттық қордан бөлінген нысаналы жинақ ақшасын пайдалана ала ма?
Жауап:
Иә, егер шетелдік оқу орны ресми түрде танылған болса және оқу ақысы құжатпен расталса, Ұлттық қордан бөлінген қаражатты білім алу мақсатына пайдалануға болады.
8-кейс. Бірнеше бала бар отбасында қате есептеу
Сауал:
Отбасында 3 бала бар, бірақ біреуіне ғана төлем түскен. Не істеу керек?
Жауап:
Ата-ана:
Егер балада жеке басын куәландыратын құжат немесе ЖСН жоқ болса, тұрғылықты мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгіну қажет.
Баланың азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе қате көрсетілген болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.
ЖТМДҚ-ға тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін, БЖЗҚ бұл баланы өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылдан (2027 жылғы ақпаннан) бастап Нысаналы талаптарға қатысушылардың және (немесе) Нысаналы жинақтарды алушылардың тізіміне енгізеді.
9-кейс. Бала мүгедек
Сауал:
Мүгедектігі бар балаға бағдарлама қалай қолданылады?
Жауап:
Бағдарлама Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балаларға тең шарттарда қолданылады. Мүгедектік болуы балаға қаражаттың есептелуі мен сақталуына ешқандай әсерін тигізбейді.
10-кейс. Ата-ана ақшаны ертерек алғысы келеді
Сауал:
Отбасында қаржылай қиындық туындады. Баланың Ұлттық қордағы ақшасын алдын ала алуға бола ма?
Жауап:
Жоқ. Қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін қолжетімсіз. Бұл – баланың болашағына арналған қорғалатын жинақ.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы – бұл әр баланың білімі мен баспанасына, не болашақ зейнетақысына салынған бастапқы инвестиция.