Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Нүгертаеваның төрайымымен Көкшетау қаласының әкімдігінде әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына Көкшетау қаласы прокурорының м.а., «Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ өкілдері жеке сот орындаушысы және әлеуметтік әріптестік комиссиясының мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері, сондай-ақ кәсіпорындарда әлеуметтік төлемдерді уақтылы аудармау мәселесі қаралды.
Барлық жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.