Зейнеткерлерге 10 370 жол жүру картасы берілді!

Көкшетау қаласында зейнеткерлерді жеңілдікті жол жүрумен қамтамасыз ету жұмысы белсенді түрде жалғасуда.
Бүгінгі таңда «Kokshe Bus Tolem» ЖШС 10 370 жол жүру картасын берді, сонымен қатар Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 16 мыңнан астам тегін жол жүру құжатын рәсімдеді.
«Жоба зейнеткерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, оларға қаланың кез келген жеріне еркін жүріп-тұру және қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Біз қаланың еріктілерімен бірлесіп, ең мұқтаж адамдарға қажетті қолдау көрсетеміз. Зейнеткерлерге анықтамаларды беру және карталарды тарату пункттеріне дейін алып жүру үшін мобильді топ ұйымдастырылған», - деп атап өтті Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К. Ахметов.