Кибергигиена

Кибергигиена

2026 жылғы 7 қазанда мүгедектігі бар адамдар күніне арналған іс-шаралар аясында мүгедектігі бар азаматтар үшін «Кибергигиена» тақырыбында танымдық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға қоғамдық Wi-Fi желілерін қауіпсіз пайдалану ережелері, құпия сөздерді үнемі ауыстырып отырудың маңыздылығы, сондай-ақ интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлерін анықтау жолдары туралы ақпарат берілді.

Қатысушылар цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету бойынша пайдалы ақпарат пен практикалық ұсынымдар алды.