
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 24 маусымдағы әлеуметтік әріптестік,еңбек және әлеуметтік қатынастарын реттеу бойынша қалалық комиссия отырысының хаттамасы орындау мақсатында балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған рейдтік іс-шараларды өткізу үшін жұмыс тобын құрды.
Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемесінің, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің, Көкшетау қаласы Полиция басқармасының (ювеналдық полиция), сондай-ақ Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының өкілдері кірді.
2026 жылғы 03 шілдеде жұмыс тобы қалалық саябақта болып, жасөспірімдерге олардың еңбек құқықтары мен ресми жұмысқа орналасу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қатысушылардың барлығына ақпараттық буклеттер таратылды.