Көкшетауда пробациялық есепте тұрған азаматтар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кездесу өтті.

Көкшетауда пробациялық есепте тұрған азаматтар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кездесу өтті.

2026 жылғы 2 шілдеде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробациялық есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында пробация қызметі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімделу орталығы және Көкшетау қаласының мансап орталығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында атталған санаттағы азаматтармен сауалнама жүргізілді, оларға жұмысқа орналасу үшін бос жұмыс орындар ұсынылды. Сондай-ақ, мұқтаж адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.