№ 6 мекемесінің сотталғандарына әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары түсіндірілді.

№ 6 мекемесінің сотталғандарына әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары түсіндірілді.

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақмола облысы бойынша ҚАЖД «№ 6 мекеме» РММ және Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ Көкшетау қаласының Мансап орталығы филиалының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары Көкшетау қаласының Мансап орталығының маманымен бірлесіп № 6 мекемеге барды.

Кездесу барысында сотталған азаматтармен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мәселелері бойынша түсіндіру әңгімесі жүргізіліп, сондай-ақ қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.