
2026 жылғы 24 маусымда Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нугертаеваның төрағалығымен Көкшетау қаласы әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысына «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ, Жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері, Мемлекеттік кірістер басқармасы, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Көкшетау қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жалақы бойынша берешекті мониторингтеу және өтеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек жанжалдарының туындауына жол бермеу, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары) өтеу мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.