
2026 жылғы 29 мамырда Ш. Уәлиханов атындағы университетте 2026 жылғы түлектермен кездесу өтті. Іс-шара барысында жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар сияқты белсенді жұмыспен қамту шаралары бойынша, сондай-ақ алғашқы еңбек өтілі мен еңбек ұжымында қажетті жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түлектерге Көкшетау қаласының мансап орталығына жолдама алу үшін жүгіну ұсынылды.