2026 жылғы 28 мамырда өткізілген ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы туралы

2026 жылғы 28 мамырда өткізілген ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы туралы

2026 жылғы 28 мамырда жоспарға сәйкес № 6 мекемеден босатылатын адамдарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мүгедектігі бар адамдарға және зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға санаторийлік-курорттық емдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды «Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-не орналастыру және оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

Мансап орталығының маманы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бөлінген квота шеңберінде жұмысқа орналастыру, сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.