Құрметті Көкшетау қаласының жұмыс берушілері!

Құрметті Көкшетау қаласының жұмыс берушілері!

Сіздерді үздік еңбек әулеттерін, өндірістің жас қызметкерлерін және жұмыс істейтін жастардың тәлімгерлерін анықтауға бағытталған жыл сайынғы «Еңбек Жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз.

Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинацияларынан тұрады.

Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын облыстық және республикалық деңгейде іріктеу. Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды.

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.

«Үздік еңбек әулеті» — бір отбасының үш және одан да көп ұрпағын білдіретін, кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең үлкен әулет таңдалады.

«Өндірістің үздік жас қызметкері» — өндірістің еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» — кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделген үміткерлердің материалдары Көкшетау қаласы, Шалқар көшесі, 9А, тел.29-81-37,29-81-10 мекенжайы бойынша  қабылданады.

Еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлерді сондай-ақ олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.