Көкшетау жұмыс берушілеріне арналған еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша семинар

Көкшетау жұмыс берушілеріне арналған еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша семинар

2026 жылғы 29 сәуірде Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан бөлім басшысы Ахметов Қали Алтайбайұлының төрағалығымен қала жұмыс берушілерімен ақпараттық-түсіндіру семинар-кеңесі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — жұмыс берушілердің еңбек шарттарын тіркеудің Бірыңғай жүйесі, ұжымдық шарттарды жасау, Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру, әлеуметтік аударымдарды дұрыс төлеу, сондай-ақ сақтандырылмаған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру.

Негізгі баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті РММ басшысының орынбасары Бейсембаев Уақыт Бегайдарұлы.

Сонымен қатар, кеңеске Ақмола облысының Кәсіподақтар орталығының, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Көкшетау қаласының мансап орталығы» филиалының, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Ақмола облыстық филиалының, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ақмола филиалының, сондай-ақ Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдері қатысты.

Кездесу барысында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері, Салық кодексіндегі өзгерістер, әлеуметтік және медициналық аударымдарды төлеу тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ қатысушыларға жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағдарламалары аясында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау жөнінде ұсынымдар ұсынылды.

Жұмыс берушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды, сондай-ақ белгіленген тақырыптар бойынша ақпараттық материалдар алды.