
Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын, Премьер-Министрдің орынбасары А. Г. Балаеваның Премьер –Министр О. А. Бектеновке Жолдауын, сондай-ақ Үкіметтің әлеуметтік төлемдердің мөлшерін біріздендіру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлермен бірлесіп әлеуметтік төлемдерге республикалық тексеру жүргізді, жергілікті атқарушы органдар мәслихаттардың шешімдері бойынша жүзеге асыратын төлемдердің 38 түрін алып тастауға ұсынылған тізбеге енгізеді.
Сондай-ақ, Ақмола облысының орынбасары А. Б. Әміренованың қолы қойылған хат негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және 2026 жылға арналған Ақмола облысының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарын және «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ұсынымдарын қоса бере отырып, «Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 «Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы, оның мөлшерін белгілеу және Көкшетау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» жоба әзірленді. Шешім жобасы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 «Көкшетау қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Көкшетау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 15.04.2026 жылғы № С-33/2 сессиясында қабылданды. Өзгерістер 2026 жылдың 26 сәуірінде күшіне енді.
Ережеден алып тастау ұсынылады:
10-тармақ. Көкшетау қаласында аталған санаттағы азаматтардың болмауына байланысты мереке және атаулы күндерге әлеуметтік көмек:
«Жеңіс күніне - 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 500 000 теңге мөлшерінде.».
11-тармақ. Өтініш бойынша әлеуметтік көмек:
кірістерді есепке алмағанда 1) тармақша:
6-абзац: «Қазақстан Республикасының колледждерінде күндізгі нысанда ақылы негізде оқитын мүгедек адамдарға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу орнынан жылына 1 рет оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде анықтама негізінде өтініш бойынша;»;
8-абзац: «Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6 және 7-баптарында көрсетілген адамдарға, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасағының өміріне қол сұғғаны үшін сотталған адамдарды қоспағанда оларға қатысты «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ре қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталады, растайтын құжаттарды жылына 1 рет 20 АЕК-тен аспайтын мөлшерде ұсынған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен госпитальға емдеуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан госпитализация орнына дейін және кері қайту;»;
9-абзац: «Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға жылына 1 рет төлеу туралы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тіс протездеу құнын өтеуге 30 АЕК-тен аспайды;»;
10-абзац: ««Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 100 пайыз мөлшерінде;» (ҰОС қатысушысына коммуналдық қызметтер) (Көкшетау қаласында аталған санат бойынша азаматтардың болмауына байланысты);
жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінен жылына 1 рет 2 - тармақшасы:
2-абзац: «Қазақстан Республикасының колледждерінде күндізгі нысанда ақылы негізде оқитын студенттерге оқу орнынан оқу құнының 100 пайызы мөлшерінде анықтама негізінде;»
3-абзац: «оқу орнынан оқу құнының 100 пайызы мөлшерінде анықтама негізінде Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі нысанда ақылы негізде оқитын студенттерге;».
Қосымша ақпарат пен консультацияны «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Шалқар көшесі (бұрынғы Локомотив), 9А, 3-ші терезе операциялық залы немесе (87162)-298128 немесе 298107 телефондары арқылы алуға болады.