Консультативтік-кеңесші органның отырысы

Консультативтік-кеңесші органның отырысы

2026 жылғы 1 сәуірде «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Аталған отырысқа Көкшетау қаласының прокуратурасы, Ақмола облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелері, Көкшетау қаласының әлеуметтік бейімделу орталығының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында пробация қызметінде тіркеуде тұрған адамдармен және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстарды күшейту туралы шешім қабылданды, бұл шаралардың мақсаты – қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу. Отырыс нәтижелері бойынша уәкілетті органдарға бірқатар ұсыныстар берілді.