Архивтік іс жүргізу мәселелері бойынша семинар-кеңес

Архивтік іс жүргізу мәселелері бойынша семинар-кеңес

2026 жылғы 26 қаңтарда «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Құжаттарды ресімдеу тәртібі» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес өткізілді.

Семинар-кеңесті Көкшетау қаласының Мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің басшысы Кладченко С.В. жүргізді. Семинар-кеңеске сондай-ақ Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының архивтер бөлімінің бас маманы Бердалина Д.Б. қатысты.

Семинар-кеңес барысында қызметтік құжаттаманы ресімдеу және жүргізу тәртібіне, сондай-ақ іс жүргізу және құжаттарды архивтік сақтау саласындағы белгіленген талаптарды сақтау мәселелеріне қатысты негізгі сұрақтар қарастырылып, талқыланды.