Қ.А. Ахметовтың төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қ.А. Ахметовтың төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік баедарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы Қ.А. Ахметовтың төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті⚜️

Отырысқа мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында мүгедектіктің алдын алу және ерте анықтау бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Бөлім басшысы бұл шараларды мүгедектік деңгейін төмендетудің негізгі тәсілі деп атап, медициналық мекемелер, әлеуметтік қызметтер және отбасылар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Отырыс барысында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытталған нақты шаралар енгізілді.

Жиын қорытындысында бөлім басшысы барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер жасау мен өмір сүру жағдайларын жақсарту жергілікті билік үшін басым міндет екенін және бұл мақсатқа жету үшін барлық тараптардың бірлескен жұмысы қажет екенін атап өтті.