
Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт Шанырақ» әлеуметтік мекемесінің аумағын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шара қайырымдылық көмек көрсету акциясы аясында өткізілді.