«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурстың қорытындысы

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурстың қорытындысы

2025 жылдың 5 желтоқсанында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов, ҚР Парламентінің депутаттары, республиканың орталық мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша Көкшетау қаласындағы «Гормолзавод»  ЖШС қола жүлдеге ие болды.

Жеңімпаздар әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін, орнықты даму қағидаттарына адалдығын және өз қызметкерлеріне қамқорлығын көрсетті. Кәсіпорынның жетістіктері аймақ экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосады және бүкіл ел бойынша бизнес үшін үлгі болып табылады.