
2025 жылғы 2 желтоқсанда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробациялық есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қала прокуратурасы, пробация қызметі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімделу орталығы және Көкшетау қаласының мансап орталығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында атталған санаттағы азаматтармен сауалнама жүргізіліп, бос жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ, мұқтаж адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша түсініктемелер берілді