Кәсіпкерлермен кездесу

Кәсіпкерлермен кездесу

2025 жылғы 27 қарашада Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Нүгертаеваның төрағалығымен жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындар басшыларының, сондай-ақ өндірісінде тиісті атқару құжаттары бар жеке сот орындаушыларының қатысуымен кеңес өтті. Кездесу барысында берешекті өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды, орындау мерзімдері белгіленді және осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін тиісті тапсырмалар берілді