Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 28 қазан күні Көкшетау қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары А.Б.Нүгертаеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінін РММ», Мемлекеттік кірістер басқармасының, білім басқармасы өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік тараптары қатысты.

Отырыста кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тыңдалып, қаладағы бірқатар кәсіпорындардағы жалақы бойынша берешекті өндіру мәселелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.