Әлеуметтік қызметкерлерге арналған тренинг

Әлеуметтік қызметкерлерге арналған тренинг

2025 жылғы 18 қарашада жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының №4 бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері үшін «Әлеуметтік қызметкерлер үшін эмоционалдық тұрақтылық» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараға 15 адам қатысты. Тренингті кәсіби психолог, Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Жұмабекова Құралай Ғабдулғамарқызы жүргізді.

Аталған тренингтің негізгі мақсаты: кәсіби қызмет барысында эмоцияларды басқару дағдыларын дамыту.

Құралай Ғабдулғамарқызы тренинг қатысушыларына эмоционалдық тұрақтылықты сақтау маңызды болатын жағдайлардың мысалдарын келтірді: отбасында, жұмыста және кәсіби ортада, әлеуметтік салада және адамдарға көмек көрсету барысында, тәрбиелеу мен тәлімгерлікте, экстремалды жағдайларда. Ол стресс тудыратын факторларды анықтауға арналған топтық тренинг өткізді; қатысушылар кәсіби қызметте стрессті не тудыратынын анықтап, жұмыста эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау тәсілдерін талқылады.

Тренинг қатысушылары өмірде қолданатын практикалық дағдылар үшін алғыс білдірді.

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Бекназарова Гүлмира Саматқызы «Әлеуметтік қызметкерлер үшін эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау тақырыбындағы семинарлар жүйелі түрде өткізіледі. Өйткені өзгелерге қызмет көрсетіп, көмек беру үшін ең алдымен өзіңе көмектесу қажет» екенін атап өтті.