АӘК алушылар үшін жаңа жеңілдік

АӘК алушылар үшін жаңа жеңілдік

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновтың төрағалығымен 2025 жылғы 5 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының хаттамасының 1.2.6-тармағын орындау үшін 2025 жылғы 1 қазанға дейін Көкшетау және Павлодар қалаларында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін беру бойынша пилоттық жобаны іске қосу тапсырылды.

Көкшетау қаласында «SMALL» сауда желісі жобаның қатысушысы ретінде өз дайындықтарын растады, жүйе толық интеграцияланған және штаттық режимде жұмыс істеп тұр, фискалдық чектер қалыпты түрде жүргізілуде. Пилоттық жобаны өткізу үшін келесі сауда нүктесі айқындалды: Көкшетау қ., Әуельбеков к-сі, 115-үй, литер А, 1-қабат.

«SMALL» сауда желісінен берілген ақпаратқа сәйкес, оның қатысуы келесі шарттар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:

- АӘК алушыларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) көрсетілген бағадан 5% мөлшерінде жеңілдік беру;

- ӘМАТ тауарларын сатып алушыларға қолайлы болу үшін баға белгілерінде арнайы таңбамен белгілеу;

- ӘМАТ тауарларын қайтару жағдайында «SMALL» супермаркеті тек нақты төленген соманы қайтарады, ал әлеуметтік әмиян лимитін қайтару АӘК алушының «e-Otinish» жүйесі арқылы жеке өтініш беруі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасын орындау мақсатында Көкшетау қаласындағы АӘК алушыларға цифрлық ваучерлердің қолжетімділігі мен оларды белсендіру тәртібі туралы хабардар ету үшін «Smart Data Ukimet» жүйесі арқылы SMS-хабарлама жіберу қатар жүргізілуде.

          Сонымен бірге,  Көкшетау қаласында АӘК алушыларға кеңес беру үшін «жедел желі»  29-81-26 телефон нөмірінде  ұйымдастырылды.