Достық үйіндегі кездесу

Достық үйіндегі кездесу

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде қазақстандық қоғамның бірігуінің айрықша маңыздылығын атап өтті: «Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру». Президент түрлі этникалық топтарды біріктіретін және елдің үйлесімді дамуына ықпал ететін негізгі институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін нығайту қажеттігін ерекше атап өтті. Ол Ассамблеяның мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысуын дәйекті түрде күшейтуге, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, экономиканы дамытуға және мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған елде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды белсенді сүйемелдеуге және қолдау көрсетуге шақырды.

Облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенконың кезекті кездесуі «Қазақстанның орыс қауымы» (Жерлестік) қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Николай Авдеевпен Достық үйінде өтті.

Әңгімелесу барысында Владимир Степанович облыстық мәслихат депутаттарының жұмысы, олардың заң шығару үдерісіндегі рөлі және өңір алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сондай-ақ мәслихат жанынан құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясының депутаттық тобының жұмысына назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Владимир Степанович Николай Алексеевичті Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның қазақстандық қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Ассамблеяның еңбегін құрметтеу және мойындау белгісі ретінде ол облыстық мәслихаттың мерейтойлық кітабын сыйға тартты.