Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті.

Күн тәртібіне облыстық мәслихаттың «Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізілді. 2025 жылға арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен алты ауру бойынша тоғыз пациент, оның ішінде 5 бала 7 дәрілік затпен қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, «2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» мәселе қаралды. Төлемақы ставкалары өзендердің бассейндері мен экономика салалары бойынша базалық ставкалар негізінде, бекітілген әдістеме бойынша есептеледі, олар жыл сайын тиісті жылдағы инфляцияның ресми деңгейіне сүйене отырып индекстеледі.