Родина селосындағы көшпелі отырыс

Родина селосындағы көшпелі отырыс

        Ақмола облысының үлгілілер санатындағы Агрофирма «Родина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Сенатының «ӨҢІР» депутаттық тобының көшпелі отырысы өтті. Облыстық мәслихат депутаттары отырысқа белсенді қатысты.

        Отырысты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы, депутаттық топтың жетекшісі Серік Шайдаров ашты. «Өңір» жұмыс тобының жетекшісі Бибігүл Жексенбай, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков және ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек баяндама жасады.

         Сондай-ақ, сенаторлар алдында Агрофирма «Родина» ЖШС Бас директоры Иван Сауэр сөз сөйлеп, шаруашылық тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

         Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар талқылау барысында пікір алмасты.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты