Облыстық мәслихаттың халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері Қызылжар ауданы Бескөл ауылының мектептерінде болды.
Халық қалаулылары оқушылардың тамақтануын ұйымдастырумен және жылу жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңге дайындығымен танысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жаңа оқу жылынан бастап оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша белгілі бір жұмыстар атқарылды.
Депутаттар мектептегі тамақтану сапасына және жалпы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасына назар аударады.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты