Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысы өтті. Күн тәртібі - өңір әкімінің лауазымына тағайындауға келісім беру.
Кандидаттарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов таныстырды.
Кандидаттар Сәтжан Аблалиев пен Ғауез Нұрмұхамбетов сайланған жағдайда алдағы қызметі туралы бағдарламамен сөз сөйледі.
Келісім беру Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының талаптарына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығына сәйкес жүргізілді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 174 депутаттың 118-і Ғауез Нұрмұхамбетовтің кандидатурасын келісуге дауыс берді, 56 депутат Сәтжан Аблалиевке дауыс берді.
Есеп комиссиясының шешімі бойынша рәсім ашық дауыс беру арқылы өтті.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты