«Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективалары» тақырыбында жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты болды.
Іс-шараның мақсаты этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер мен заманауи трендтерді талқылауға сараптамалық қоғамдастықты тарту болып табылады.
Конференцияға тыңдаушылар немесе спикерлер ретінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары қатысты.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин кіріспе сөзімен ашты.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Евгений Болгерт, Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының бас директоры Анар Фазылжанова, «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің Қытай және Азия зерттеулер орталығының басшысы Светлана Кожирова, сондай-ақ өңірлердің өкілдері сөз сөйледі. Конференцияның шетелдік қонақтары арасында Ханкук шет тілдер университеті жанындағы Орталық Азия институтының зерттеушісі Chu Young-min (Корея), Халықаралық Түркі академиясының қызметкері Әбілфаз Сүлейманлы (Түркия), сондай-ақ Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Ван Лулу (ҚХР) баяндама жасады.
Конференция барысында спикерлер мен қатысушылар пікір алмасты. Конференция модераторы «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» директорының орынбасары, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы Айгүл Сәдуақасова болды.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты