Облыстық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері «Дүниежүзілік тазалық күні» (World Cleanup Day) экологиялық акциясына қатысты.
Тазалық күні әлемнің көптеген елдерінде 2008 жылдан бастап қыркүйектің үшінші сенбісінде өткізіліп келеді.
Халық қалаулылары мемлекеттік қызметшілермен бірге Жамбыл Жабаев көшесіндегі қоқыс пен құлаған алғашқы күзгі жапырақтарды жинады.
Бұл акцияға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Бұл біздің өңірдің әрбір тұрғынының туған өлкесінің экологиялық әл-ауқатын ойлайтын белсенді ұстанымы.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты