Депутаттар «Talqylau» - ға қатысты

Депутаттар «Talqylau» - ға қатысты

Облыстық мәслихат депутаттары "Talqylau" диалог алаңына қатысып, ел Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында ұсынған жаңалықтары мен міндеттерін талқылады.

Қатысушылар салық салу, ауыл шаруашылығы, Балалардың құқықтарын қорғау, білім беру, жоғары білікті жұмысшы кадрларды қалыптастыру және тағы басқа мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды. Мысалы, депутат Геннадий Зенченко Мемлекет басшысы ұсынған аграрлық секторды дамыту жөніндегі шаралар ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын, нәтижесінде фермерлер мен тұтынушыларға пайда әкелетінін атап өтті. Тәжірибелі фермердің айтуынша, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға және жергілікті фермерлерді қолдауға баса назар аудару азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылады.

Өз кезегінде депутат Сәуле Сұрағанова өңірлерде тұрақтылық пен дамуға қол жеткізуге көмектесетін басқару құралдары мен өңірлік бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Сәуле Қуандыққызы Президенттің бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалануға ықпал ететін мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі жөніндегі бастамасына баса назар аударды. Сондай-ақ, спикер Бала құқықтары жөніндегі өңірлік омбудсмен ретінде қатысушылардың назарын Мемлекет басшысының кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаларды қатаңдату туралы тапсырмасына аударды.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты