Петропавлдағы мемлекеттік рәміздер күні

Петропавлдағы мемлекеттік рәміздер күні

Облыстық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шараға қатысты.

Іс - шаралар жетінші және сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаты - 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2007, 2009 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Ирина Эктова қатысқан жаппай жарыстан басталды.

Сондай – ақ, халық қалаулылары мен мәслихат аппаратының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсіміне және Мемлекеттік әнұранды көпшіліктің біруақытта орындауы бойынша флешмобқа, мерекелік концертке және облыс әкімі ерекше көзге түскен солтүстік қазақстандықтардың еңбегі марапатпен атап өтілген «Туған жерім менің - Қазақстаным» патриоттар форумына қатысты.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты