Депутаттар рейдке қатысты

Депутаттар рейдке қатысты

Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдке қатысты.

Рейдтің мақсаты комиссия отырысында қаралатын құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға тікелей қатысу болып табылады.

Жергілікті полиция қызметінің ақпараты бойынша кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың алдын алу мақсатында және оларға қатысты кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді тұтыну фактілері, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бері 258 рейдтік іс-шара, 18 жергілікті пысықтау жүргізілді. Рейдтердің нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 375 ата-ана тартылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа ата-ана құқықтарынан айыруға 46 материал жіберілді, оның ішінде 22-сі қанағаттандырылды, ата-ана құқықтарын шектеуге 12 материал жіберілді, оның ішінде 8-і қанағаттандырылды.

Қалыптасқан жағдайды жан-жақты зерттеу мақсатында халық қалаулылары осы іс-шараларды жүйелі түрде жоспарлауға ниетті.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты