Өңірден сенатор сайлауы өтті

Өңірден сенатор сайлауы өтті

Облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенконың төрағалығымен таңдаушылардың - барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібіне қарау үшін бір мәселе енгізілді: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен 2023 жылғы 2 маусымға белгіленген, шығып қалған депутаттың орнына Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатын сайлау.

Сайлауға екі кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысты: дін істері басқармасының басшысы Рауза Қасенова және «Amanat» партиясы» ҚБ облыстық филиалының төрайымы Әсем Рахметова.

Дауыс беруге 193 таңдаушының 180-і қатысты.

Дауыс беру қорытындысын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев хабарлады.

Рауза Қасенова 39 дауыс жинады, Әсем Рахметоваға 134 депутат дауыс берді. Алты таңдаушы барлық кандидаттарға қарсы дауыс берді.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты