«Тілектер шары» ұшырылды

«Тілектер шары» ұшырылды

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылында орналасқан өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барды.

Мәслихат төрағасы Владимир Бубенко бастаған топ депутаттық корпус атынан балаларға спорттық тауарларды, ойыншықтарды, тәттілер мен жемістерді жеткізді.

Анниматорлар балалармен көңілді ойын өткізді. Өз кезегінде Орталық тәрбиеленушілері қонақтарға шағын концерт дайындады.

Владимир Степанович өзінің құттықтау сөзінде: «Бұл жақсы маусым мерекесі біз, ересектер, өскелең ұрпақ үшін жауапкершілікті еске салады. Біздің міндетіміз-облысымыздың жас тұрғындарының дені сау, сапалы білім алуы, спортпен шұғылдануға, шығармашылыққа, рухани және адамгершілік дамуға жағдай жасауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау»,- деді.

Депутаттардың балалармен кездесуі «Тілектер шарын» ұшырумен аяқталды.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты