«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына, 101-бабының 3-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 105 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 19 наурызға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалсын.
- Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну мерзімдері 2023 жылғы 20 қаңтардан бастап 2023 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.
- Партиялық тізімдерді, кандидаттарды тіркеу мерзімінің 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталатыны белгіленсін.
- Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасының, қалалардың, аудандардың аумақтық сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы М. Ерман
Астана қаласы, 2023 жылғы 20 қаңтар, № 18/669
https://www.election.gov.kz/kaz/news/acts/index.php?ID=8250