Таңдаушылардың бірлескен отырысы өтті

Таңдаушылардың бірлескен отырысы өтті

Облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенконың төрағалығымен таңдаушылардың — барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібіне қарау үшін бір мәселе енгізілді: Сенат депутаты өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау.

Сайлауға екі кандидат қатысты: «ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК СҚО бойынша филиалының директоры Лаура Қайыржанова және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Дауыс беруге 187 таңдаушының 179-ы қатысты.

Дауыс беру қорытындысын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев хабарлады.

Лаура Қайыржанова 32 дауыс жинады, Гүлмира Кәрімоваға 144 адам дауыс берді. Үш таңдаушы барлық кандидаттарға қарсы дауыс берді. 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты